Новости

Орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау

26.04.2012

Ағымдағы жылы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде 4 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі (қазақ мектептері үшін қазақ тілі мен орыс мектептері үшін қазақ тілі), Қазақстан тарихы, алгебра және химия. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 20. 4 пән бойынша тестілеуге 120 минут (2 сағат) бөлінді.
Тапсырмалар жалпы оқу бағдарламалары негізінде жасалды. Нәтижелер әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланды.
ОЖСБ-ның өткізілуін Білім және ғылым саласындағы бақылау департаменттері (БСБД) мен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бақылады.
Дәстүрлі түрде өткізілген тестілеуге (қағаз түрінде тапсыру әдісімен) 626 мектеп қатысты, олардың: 216-сы қалалық, 410-ы ауылдық мектептер.
Атырау облысы мен Астана қаласында ОЖСБ компьютерлік тестілеу әдісімен (қағазсыз түрде) өткізілді.
Компьютерлік тестілеуге Атырау облысының 19 мектебі және Астана қаласының 8 мектебі.
Республика бойынша ОЖСБ-ға барлығы 653 орта білім беру ұйымы қатысты.