Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Бұйрықтар  2006 ж. 30 қарашадағы N610 ҚР БҒМ бұйрығы 
2006 ж. 30 қарашадағы N610 ҚР БҒМ бұйрығы

«Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды
өткізу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2004 жылғы 29 желтоқсандағы  N1056 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


  Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылаудың рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
 1. «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы  N1056 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N3335 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N3-8, 23-құжат, «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N1056 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 7 ақпандағы N61 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бірге, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N4088 тіркелген,  2006 жылғы 10 наурыздағы N42-43 (1022-1023) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесінде:
 11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
 «11. 9-сыныптарда МАБ-ты тапсыру үшін орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін - қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін – орыс тілі міндетті болып табылады.
 МАБ өткізілетін басқа да оқу пәндерінің тізбесін, сондай-ақ мектептердің, МАБ рәсімінен өткізілетін оқушылардың тізімдерін жыл сайын Министрлік белгілейді.»;
 13-тармақтағы «1 астрономиялық» деген сөз «45 минут» деген сөзбен ауыстырылсын;
 30-тармақ «Сертификат студенттің жеке ісінде сақталады» деген сөйлеммен толықтырылсын.»;
 32-тармақтың:
 екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
 «Егер медициналық мамандықтар бойынша шекті деңгей жалпы тест тапсырмаларының 50 % дұрыс жауаптарына, барлық қалған даярлау бағыттары мен мамандықтар бойынша 35 %-ға тең болса тестілеудің нәтижесі бойынша студент сынақ  бағасын алады»;
 үшінші абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын:
 «Анықтаманың көшірмесі МАБ аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде Министрлікке ұсынылады»;
 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
 «37. МАБ-тың негізгі рәсімдерінің нәтижелері бойынша 7 % оқушылары 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.».
 2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N4229 тіркелген, 2006 жылғы 26 мамырдағы   N94-95 (1074-1075) «Заң газетінде» жарияланған «2006 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу үшін шекті деңгейді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N214 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б. Әбдірәсілов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң  қолданысқа енгізіледі.


Министр                                                           Б. Әйтімова
 

Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.