2007 ж. 22 қыркүйектегі № 409 ҚР БҒМ бұйрығы
|  |
Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Кандидаттық емтихандарды ұйымдастыру және өткізудің бөлігінде ғылыми кадрларды аттестаттаудың талаптарын арттыру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетіне (Т.О.Балықбаев): осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін; осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасына (Т.О.Балықбаев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев
|