Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Бұйрықтар  2006 ж. 12 қантардағы N11 ҚР БҒМ бұйрығы 
2006 ж. 12 қантардағы N11 ҚР БҒМ бұйрығы

Жалпы орта білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды дайындау
және өткізу жөніндегі шаралар туралы

 
  Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік  аралық  бақылауды  өткізудің  рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
  1. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (бұдан әрі - Комитет) (Б. Әбдірәсілов) 2006 жылғы 1 ақпанға дейін:
  1) Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік  аралық  бақылауды (бұдан әрі - МАБ) өткізу ережесінің МАБ пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына, МАБ-ты өткізу мерзіміне, мемлекеттік комиссиялар құрамын бекіту мерзіміне өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын дайындасын;
  2) МАБ-ты өткізу жөніндегі ҚР БҒМ өкілдерінің базасын қалыптастырсын;
  3) республика өңірлері бойынша МАБ-ты өткізу кестесін жасасын (2006 жылғы ақпан-наурыз айлары);
  4) Мектепке дейінгі және орта білім департаментімен (С. Есбосынова) және  Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығымен (Т. Балықбаев) бірлесе отырып, МАБ-ты өткізу үшін 4-сыныптарда 10 % және 9-сыныптарда 20 % мектептерді іріктеуді жүргізсін.
  2. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (Т. Балықбаев) 2006 жылғы 1 ақпанға дейін:
  1) жалпы орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізудің тәртібін Комитетпен  келіссін;
  2) МАБ үшін 4-сыныптарға қазақ және орыс тілдері бойынша ашық үлгідегі, МАБ үшін 9-сыныптарға Қазақстан тарихы бойынша жабық үлгідегі тест тапсырмаларының базасын қалыптастырсын және оларды сынақтан өткізсін;
  3) Білім және ғылым министрлігінің сайтына 4, 9-сыныптар МАБ пәндері бойынша өткізілетін тест тапсырмаларының үлгі нұсқаларын орналастырсын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы  Б. Әбдірәсіловке жүктелсін.

Министр                                                                   Б. Әйтімова

Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.