2006 ж. 30 мамырдағы N471 Комитет бұйрығы
|  |
«Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы N418-3ж бұйрығына толықтырулар ендіру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2006 жылғы 19 мамырдағы (8 хаттама) БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертацияның негізгі ғылыми жаңалықтарын жариялау үшін басылымдар Тізімін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар ендірілсін: 1) «19.00.00 – Психология ғылымдары» және «20.01.00 - Әскер ғылымдары»: - «Бағдар-Ориентир» ғылыми-теориялық журналы; 2) «19.00.00 – Психология ғылымдары», «23.00.00 – Саяси ғылымдары» және «20.03.00 – Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»: - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының ақпараттық бюллетені; 3) «05.00.00 – Техника ғылымдары» және «01.00.00 – Физика-математика ғылымдары»: - Көлік байланысын дамыту ғылыми-зерттеу институтының Хабаршысы. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін. Төраға Б. Әбдірасілов
|