2006 ж. 25.01 N72 Комитет бұйрығы
|  |
Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібінің Нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N778 бұйрығына «“Кандидаттық емтихандар өткізу жөніндегі аймақтық орталық пен аймақтық комиссияны ұйымдастыру туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» сәйкес
БҰЙЫРАМЫН: 1. Ұсынылып отырған Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібінің нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N87-3ж «Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы күшін жойды деп саналсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.Төраға Б. Әбдірасілов
|