2006 ж. 16 ақпандағы N163 Комитет бұйрығы
|  |
«Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы N418-3ж бұйрығына толықтырулар ендіру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2006 жылғы 15 ақпандағы хаттамасының негізінде (3 - хаттама) БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы N418-3ж бұйрығының «12.00.00 – Заң ғылымдары» бөліміне: - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай құқықтық институты қылмыстық-орындау жүйесінің Комитеті ендірілсін. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін. Төраға Б. Әбдірасілов
|