2006 ж. 16 ақпандағы N162 Комитет бұйрығы
|  |
«Диссертацияның негізгі ғылыми жаңалықтарын жариялау үшін басылымдар Тізімін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына толықтырулар ендіру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2006 жылғы 15 ақпандағы хаттамасының негізінде (3 - хаттама) БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертацияның негізгі ғылыми жаңалықтарын жариялау үшін басылымдар Тізімін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығының «14.00.00 – Медицина ғылымдары» бөліміне: - Ұлттық туберкулез мәселелері орталығының ғылыми-практикалық журналы «Фтизиопульмонология» (14.00.26, 14.00.43, 14.00.27) ендірілсін. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін. Төраға Б. Әбдірасілов
|