2006 ж. 13 наурыздағы N233 Комитет бұйрығы
|  |
2005 жылғы 14 мамырдағы N377 бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Ғылыми зерттеулерді ақпараттық және қорғалатын диссертациялық жұмыстардың ашықтылығын қамтамасыз ету, диссертациялар мен авторефераттардың электрондық базасын құру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Аттестациялық істерді рәсімдеуде құжат түрлерін және тізімін бекіту туралы» 2005 ж. 14 мамырдағы N377 бұйрыққа мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) N7 қосымшада: 11-тармақ мазмұны мынадай абзацпен толықтырылсын: «Диссертация және автореферат компакт-дискіде электрондық түрде (CD-ROM).». 2) N9 қосымша мазмұны мынадай тармақпен толықтырылсын: «2-1. Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы (010000, Астана, Есілдің солжағасы);». 3) N24 қосымшада: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақ немесе орыс тіліндегі диссертация авторефераты (4 дана), сол сияқты компакт-дискіде электрондық түрде (CD-ROM).». 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақ немесе орыс тіліндегі диссертация, сол сияқты компакт-дискіде электрондық түрде (CD-ROM).». 2. Осы бұйрық 2006 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жәктелсін. Төраға Б. Әбдірасілов
|