2007 ж. 4 қазандағы № 1073 Комитет бұйрығы
|  |
«Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы № 418-3ж бұйрығына толықтырулар ендіру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі хаттамасының негізінде (№ 7 хаттама) БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы № 418-3ж бұйрығының: 1) «05.00.00 – Техникалық ғылымдар» («05.02.00 – Машина жасау және машинатану» мамандықтар тобы бойынша) бөліміне: - «Сымбат» сән бизнесі академиясы толықтырылсын. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Ш.Ә. Андабековке жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|