2007 ж. 02 ақпандағы N79 Комитет бұйрығы | ![]() |
2007 жылы Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N610 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4476 тіркелген) Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Білім алушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнын тиісті оқыту сатыларында меңгеруді тексеру мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарында республиканың өңірлері бойынша кестеге сәйкес 2007 жылғы 26 ақпан мен 20 наурыз аралығында:
1) оқытудың бастауыш сатысында (4-сынып) – дүниетану пәні бойынша;
2) оқытудың негізгі сатысында (9-сынып) – қазақ тілінде оқытатын мектептерде - орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептерде – қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік аралық бақылау өткізілсін (1-қосымша).
2. Қоса беріліп отырған 2,3-қосымшаларға сәйкес 2007 жылы МАБ-ты өткізу үшін мектептердің тізімі бекітілсін:
1) жалпы орта білім берудің бастауыш сатысында (4-сынып);
2) жалпы орта білім берудің негізгі сатысында (9-сынып).
3. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (Т. Балықбаев):
1) осы бұйрықта белгіленген мерзімде МАБ-ты ұйымдық-технологиялық алып жүруді қамтамасыз етсін;
2) МАБ басталғанға дейін 2 күн бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттеріне (басқармаларына) МАБ-тың тестерін жеткізуді ұйымдастырсын;
3) МАБ нәтижелерін өңдеуді ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін ұйымдастырсын.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері (басқармалары):
1) мектептерде МАБ-ты өткізуді қамтамасыз етсін;
2) әрбір жалпы орта білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін МАБ-ты өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың құрамдарын бекітсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасарына С. Ырсалиевке жүктелсін.
Төраға Б. Әбдірасілов
1 - қосымша
2 - қосымша
3 - қосымша