Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Бірыңғай ұлттық тестілеу
Лицензиядан кейінгі бақылау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
ҚР Президентінің Жолдауы басым бағыттарының орындалуы туралы
 
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Бұйрықтар  2007 ж. 02 ақпандағы N79 Комитет бұйрығы 
2007 ж. 02 ақпандағы N79 Комитет бұйрығы

2007 жылы Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы

 «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N610 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4476 тіркелген) Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:  
 1. Білім алушылардың білім беру бағдарламаларының мазмұнын тиісті оқыту сатыларында меңгеруді тексеру мақсатында жалпы орта білім беру ұйымдарында республиканың өңірлері бойынша кестеге сәйкес 2007 жылғы 26 ақпан мен 20 наурыз аралығында:
 1) оқытудың бастауыш сатысында (4-сынып) – дүниетану пәні бойынша;   
 2) оқытудың негізгі сатысында (9-сынып) – қазақ тілінде оқытатын мектептерде - орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептерде – қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік аралық бақылау өткізілсін (1-қосымша).   
 2. Қоса беріліп отырған 2,3-қосымшаларға сәйкес 2007 жылы МАБ-ты өткізу үшін мектептердің тізімі бекітілсін:
 1) жалпы орта білім берудің бастауыш сатысында (4-сынып);
 2) жалпы орта білім берудің негізгі сатысында (9-сынып).   
 3. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (Т. Балықбаев):
 1) осы бұйрықта белгіленген  мерзімде МАБ-ты ұйымдық-технологиялық алып жүруді қамтамасыз етсін;   
 2) МАБ басталғанға дейін 2 күн бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттеріне (басқармаларына) МАБ-тың тестерін жеткізуді ұйымдастырсын;   
 3) МАБ нәтижелерін өңдеуді ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін ұйымдастырсын.
 4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері (басқармалары):
 1) мектептерде МАБ-ты өткізуді қамтамасыз етсін;
 2) әрбір жалпы орта білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың  1 ақпанына дейін МАБ-ты өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың құрамдарын бекітсін.
 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасарына С. Ырсалиевке жүктелсін.
 
Төраға                                                        Б. Әбдірасілов
 
1 - қосымша
2 - қосымша  
3 - қосымша 

Комитет туралы
Басшылар
Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасы
Бюллетендер
Бұйрықтар
Нұсқау хаттар
Бекітілген ізденушілер тізімі
Диссертациялық кеңестер тізімі
Ғылыми басылымдар тізімі
Жетекші ұйымдар тізімі
Лицензиялары бар жоғары оқу орындардың тізімі
ҰБТ өткізу пункттерінің тізімі
Докторлық диссертациялардың қорғалуы туралы хабарламалар
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.