2007 ж. 01 ақпандағы N73 Комитет бұйрығы
|  |
«Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы N418-3ж бұйрығына толықтырулар ендіру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 29 қаңтардағы (N1 хаттама) БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «05.00.00 – Техника ғылымдары», «08.00.00 – Экономика ғылымдары» тараулары бойынша: «Қазақстан өндіріс көлігі» журналы; 1) «07.00.00 – Тарих ғылымдары», «08.00.00 – Экономика ғылымдары», «09.00.00 – Философия ғылымдары», «10.00.00 – Филология ғылымдары», «12.00.00 – Заң ғылымдары», «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» тараулары бойынша: - «Қазақстанның ғылыми әлемі» журналы. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін. Төраға Б. Әбдірасілов
|