2007 ж. 28 қазандағы № 1181 Комитет бұйрығы
|  |
«Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті төрағасының 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 72 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі N 409 бұйрығымен «Ғылыми дәрежелердің ізденушілерін аралық аттестаттаудан өткізу жөніндегі нұсқаулықтың» бекітілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН: 1. «Кандидаттық емтихандарды өткізу тәртібінің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті төрағасының 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 72 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Н. Қалабаев
|