2007 ж. 4 шілдедегі N 699 Комитет бұйрығы
|  |
і «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін
жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы»
2003 жылғы 26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 27 маусымдағы шешімі негізінде (N 6-хаттама) БҰЙЫРАМЫН:
1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
1) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» тарауы бойынша:
- «Батыс Қазақстан медицина журналы» журналы;
2) «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» тарауы бойынша:
- «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының хабаршысы» журналы;
3) «09.00.00 – Философия ғылымдары», «22.00.00 – Социология ғылымдары», «23.00.00 – Саяси ғылымдары» тараулары бойынша:
- «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы;
4) «09.00.00 – Философия ғылымдары», «23.00.00 – Саяси ғылымдары», «07.00.00 – Тарих ғылымдары» тараулары бойынша:
- «Қоғам және дәуір» журналы.
2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.
Төраға Т. Балықбаев