Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Бұйрықтар  2007 ж. 18 мамырдағы N 470 Комитет бұйрығы 
2007 ж. 18 мамырдағы N 470 Комитет бұйрығы

2007 жылы Қазақстан Республикасының

жоғары оқу орындарында мемлекеттік

аралық бақылауды өткізу туралы

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесіне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N124 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің (бұдан әрі – Министрлік өкілдері) тізімі;

2) 2-қосымшаға сәйкес апелляциялық комиссиялар төрағаларының тізімі;

3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі программистерінің (бұдан әрі – Министрлік программистері) тізімі;

4) 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік комиссиялардың құрамы бекітілсін.

2. Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссиялардың төрағалары:

1) мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі – МАБ) ұйымдастыруға және өткізуге басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асырсын;

2) МАБ технологиясын (бұдан әрі - Технология) сақтауды қамтамасыз етсін;

3) апелляциялық комиссия жұмысының объективтілігін сақтауға басшылық жасауды және бақылауды қамтамасыз етсін.

3. Мемлекеттік комиссиялардың төрағалары:

1) МАБ-ты өткізу ережелері мен технологияларына сәйкес МАБ-ты ұйымдастырсын және өткізсін;

2) МАБ-тың нәтижелерімен келіспеген студенттердің шағымдарын қарау кезінде апелляциялық комиссияның жұмысына жағдай жасасын;

3) МАБ-тан өткен студенттердің сертификаттарын уақытылы беруді қамтамасыз етсін.

4. Жоғары оқу орындарының ректорлары:

1) 2007 жылғы 16 маусымға 1-3-қосымшаларда көрсетілген қызметкерлердің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығына (бұдан әрі - БТМСҰО) (Астана қаласы) МАБ-ты өткізуге келуін қамтамсыз етсін;

2) күндізгі және сыртқы (білім беру, заң, экономика мамандықтары бойынша) оқк нысаны студенттерінің қатысуын қамтамасыз етсін.

5. БТМСҰО (И.Ө. Сағындықов):

1) 2007 жылғы 15 маусымға дейін базалық жоғары оқу орындары бойынша бөлінген Министрлік өкілдерінің тізімін бекітуге ұсынсын;

2) МАБ технологиясы бойынша апелляциялық комиссиялардың төрағаларын, Министрлік өкілдері мен Министрлік программистерін оқытуды өткізсін;

3) МАБ-ты өткізу үшін базалық ЖОО-ларға апелляциялық комиссиялар төрағаларының, Министрлік өкілдері мен Министрлік программистерінің баруын қамтамасыз етсін;

4) олардың іссапар шығыстарын төлесін.

6. МАБ бойынша сынақтан өтпеген студенттерді қайта тестілеу 2007 жылғы 13 қыркүйекте өткізілсін.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті төрағасының орынбасары Ш.Ә. Андабековке жүктелсін.

 

Төраға                                       Т. Балықбаев

 

 

Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.