2007 ж. 4 қазандағы N1074 Комитет бұйрығы
|  |
«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі (N7 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1.«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «05.00.00 – Техника ғылымдары» тарауы бойынша: «Индустрия дизайна и технологии» журналы; «Астық және астық өнімдері» журналы; 2)«02.00.00 – Химия ғылымдары» тарауы бойынша: - «Горение и плазмохимия» журналы; 3)«13.00.00 – Педагогика ғылымдары», «07.00.00 – Тарих ғылымдары» тараулары бойынша: - «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналы; 4) «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» тарауы бойынша: - «Дене тәрбиесінің Жаршысы» журналы; 2.Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Ш.Ә. Андабековке жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|