Kaz | Rus

Бастауыш
Білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау
Білім беру және ғылым ұйымдарын аккредиттеу
Ұлттық бірыңғай тестілеу
Білім беру ұйымдарын лицензиялау
Мемлекеттік аралық бақылау
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау
Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау
Ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қызмет көрсету стандарты
ҚР Президентінің Жолдауы басым бағыттарының орындалуы туралы
 
Жаңалықтар
Сұрақтар мен жауаптар
Байланысу
Статистика сайта
           
www.akorda.kz"
www.government.kz
www.e.gov.kz


Комитет туралы  Бақылау комитеті туралы ереже 
Бақылау комитеті туралы ереже

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысының  2007 жылғы «5» желтоқсандағы N383-к бұйрығымен  бекітілген
 

Файлды аударып алу (51Kb)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Ереже) туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі -  Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған саладағы бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің және Жауапты хатшының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоты болады.
5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, онда оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет Қазақстан Республикасының заңннамасында белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады.
7. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, № 35 көше, № 8 ғимарат.
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзінің фукциялары болып табылатын міндеттерді орындау бағдарына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.   

 

 

2. Комитеттің функциялары мен құқықтары

 

12. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі функцияларды атқарады: 
1) білім сапасын сырттай бағалау әдісі арқылы білім беру мониторингін жүргізу;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру;
3) үкіметтік емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеуден өткізу; 
4) білім және (немесе) біліктілік жөніндегі мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілерін пайдалануда бақылауды жүзеге асыру;
5) диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестерді құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
6) ғылым кандидаты мен ғылым докторы дәрежелерін беру;
7) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты мен ғылым докторы дипломдарын, доцент пен профессор аттестаттарын беру;
8) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын (медициналық және фармацевтикалық білім беруден басқалары) іске асыратын білім беру ұйымдарын, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу; 
9) ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу (денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан басқасы); 
10) білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен  нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыратын, білімдік оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өз құзыреті шегінде білім беру жүйесіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және лицензиялық ережелер мен нормалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 
11) білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостильді қою;
12) білім туралы құжаттарды нострификациялау рәсімін өткізу;
13) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастырады және өткізеді;
14) мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастырады және өткізеді;
15) Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз етеді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына  қарама-қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау,  оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін тұрақты негізде Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты мониторингті жүргізеді және әр тоқсанның соңғы айының бірінші күніне дейін жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты  Заң департаментіне ұсынады;
13. Өз функциялары мен міндеттерін іске асыру мақсатында Комитет өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратқа, құжаттар мен мәліметтерге сұраныс жасауға;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобасын даярлау, сондай-ақ Комитеттің өзіне жүктелген функцияларына сәйкес жүргізетін іс-шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру үшін Министрлік басшылығының келісімімен өзге бөлімшелер мен ведомствоға бағынысты ұйымдардың  қызметкерлерін тартуға;
3) құзырына кіргізілген мәселелер бойынша түсініктемелер беруге құқығы бар.

 

 

3. Комитеттің мүлкі

 

14. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген, құны мемлекеттік органның теңгерімінде көрсетілетін мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ басқа да мүліктерден тұрады, оның құны Комитет балансында көрсетіледі.
15. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
16. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзгедей әдіспен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.

 

 

4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

 

17. Комитетті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.Төрағаның ұсынысымен Жауапты хатшының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
19. Комитет төрағасы осы мақсатта:
1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін марапаттайды, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданады;
4)   Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, Комитетпен әзірленген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
6) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобасын және рұқсат беру және (немесе) тыйым салу сипатындағы басқа қызметтік құжаттарды Министрліктің Заң департаментіне және Жауапты хатшысына келісуге ұсынады;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді.
20. Комитеттің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері мен өкілеттіктері Комитеттің регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.

 

 

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

 

21. Комитетті қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.        _________________________________

Комитет туралы
Басшылар
Бюллетендер
Бұйрықтар
Бекітілген ізденушілер тізімі

Талқылау үшін!

PhD докторларын даярлау жөніндегі НҚҚ жобалары
2005-2008 © Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті
Сайттың материадарын қолдану кезінде www.educontrol.kz сайтына гиперссылкаға міндетті.