Комитет туралы

         Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” 2004 жылғы 29 қыркүйектегі  N1449 Жарлығы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 жылғы 28 қазандағы қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 267 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының  24-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 984 қаулысының негізінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті болып қайта құрылды және бақылау мен (немесе) іске асыру функцияларын жүзеге асырады
  Комитеттің негізгі міндеттері білім беру, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
   Комитеттің негізгі қызметтері:

 

   
 

Бақылау комитеті туралы Ереже

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті туралы  ЕРЕЖЕ


Қазақстан Республикасы БҒМ Жауапты хатшысының  2007 жылғы «5» желтоқсандағы N383-к бұйрығымен бекітілген
 
Файлды аударып алу (51Kb)

Бақылау комитетінің қүрылымы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қүрылымы

Басшылық:

 

1. Аттестаттау және аккредиттеу басқармасы
2. Лицензиядан кейінгі бақылау басқармасы
3. Сыртқы емтихандар басқармасы
4. Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау басқармасы
5. Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы
6. Талдамалық жұмыстар және мониторинг басқармасы
7. Ұйымдастыру-кадрлық және қаржы жұмыстары басқармасы

                   Комитеттің байланыс телефоны: 74-23-49, 74-23-77