CAPTCHA image for SPAM prevention 
Сұрақтар 1 to 5 out of 46
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесi
 

Ислам Жумаев

15-02-10 23:33

Саламатсыз ба!!!!!! Мен 9 сыныпта оқимын! Жақында МАБ болады! Мен үздік оқушымын, егер де Маб тан 4 алсам Қызыл диплом ала алам ба? Және де ол журналға атттестатқа түсе ме? Рахмет

Жауап:

Орта білім беру ұйымдарында МАБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және бастауыш пен негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылады. МАБ-ты тапсыру нәтижелері бойынша оқушылардың білім жетістіктері, егер ол Министрлік белгілеген шекті деңгей жалпы тест тапсырмаларының 30 % дұрыс жауаптарына тең болған жағдайда «игерді» деген белгімен бағаланады. Баға қойылмайды, сондықтан ол нәтиже аттестатқа немесе куәлікке әсер етпейді.

 

Айкерим Иараткызы

13-02-10 12:13

Саламатсыздар ма!Кешіріңіздер, өткен жылы ҰБТ-ға орыс тілі қосылды. Бірақ.....неге ол пәннің балы есептелмейді.Балалар канша ынтасын соган бөліп белгілейді да, ол есептелмейді.Тек жалпы балға қосылып, есептелмейді.Соны есепке алып, окушылардын енбегін бағаласа деймин.РАХМЕТ Улкен

Жауап:

Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі және орыс тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі пәндерінен ҰБТ-да жинаған балдары бағаға ауыстырылып орта білімі туралы аттестатқа кіреді және ол баға аттестаттың орташа балына әсер етеді. Аттестаттың орташа балы ағымдағы жылғы ҰБТ-да және келешекте ТКТ-да балдары тең болған жағдайда конкурс кезінде шешуші рөлге ие болады.

 

Тұрар Сағабаев

12-02-10 21:47

Саламатсыздар ма? Мемлекеттік аралық бақылау Қызылорда облысы үшін қай күнге бекітілген. Рахмет!

Жауап:

МАБ үш кезеңде өтеді: 1 – Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы қаласы және облысы (15 ақпан); 2 – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары және Астана қаласы (1 наурыз); 3 – Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстары, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары (15 наурыз).

 

Даулет Қонысбаев

12-02-10 17:10

Ассалаумұғалейкум! 2010 жылы 1наурызда болат МАБта көбінесе қандай тақырыптардан келеді? қай тақырыптарды қайталау керек?

Жауап:

МАБ-тың тест тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқулықтардың мазмұнына сәйкес құрастырылады. Тақырыптар МАБ-қа дейінгі өтілген тақырыптарды ғана қамтиды.

 

Мейірбек Шагирав

12-02-10 14:41

саламатсыздарма МАБ-ға қатыстты құжаттар керек еді оны қайдан алуымызға болады?

Жауап:

МАБ-қа қатысты құжаттарды сіз Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің http://www.educontrol.kz/promezhutochnyi_gosudarstvennyi_kontrol/ сайтынан көре аласыз.

 
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесi