Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Сұрақ-жауап 
Сұрақ-жауап

CAPTCHA image for SPAM prevention 
Сұрақтар 36 to 40 out of 46
 

Жазира Нурсултанкызы

18-02-09 17:54

Cәлеметсіздер ме? Мен сіздерге 2009 жылдың 08 қаңтары күні доцент атағына байланысты құжаттарымды жіберіп едім. Бірақ сіздерден құжаттарымды қабылдағандарыңыз туралы хабарламаны алмадым. Құжаттарым сіздерге жетті ме? Соны білейін деп едім. Рахмет!

Жауап:

Комитет сіздің аттестациялық іс құжаттарыңыз 2009 жылдың 12 қаңтарында қабылдағаңын хабарлаймыз.

 

Марал

16-02-09 22:44

МАБ-тан 2-лік баға алса, не болады.

Жауап:

МАБ-ты тапсыру нәтижелері бойынша оқушылардың білім жетістіктері анықталады. Оқушы жалпы тест тапсырмаларының 30 % дұрыс жауап берген
жағдайда «игерді» деген белгімен бағаланады. МАБ-та баға қойылмайды.

 

Жангүл Негмажанова

16-02-09 18:33

Жасым 19-да, Алматыдағы экономика және құқық колледжін қызыл дипломмен бітіргенмін, грантқа түскім келеді, сондықтан ҰБТ тапсыруыма болама?

Жауап:

ҰБТ-ны тек биылғы жылғы мектеп бітірушілер ғана тапсырады. Сіз жоғары оқу орнына түсу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін тапсыруыңыз қажет. Тек кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

 

Ербол Әбдірәсілов

13-02-09 11:55

1) Саламатсыздар ма?
Мен 2008 жылы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға аттестацияландым. Алайда, тек докторлық диссертация жазу барысында доценттік атаққа құжаттарымды өткізуді қолға алмағанмын. Сондықтан доценттік атағым жоқ. Ғылым докторы дәрежесіне аттестацияланғандықтан ғылыми еңбектерімнің тізімі доценттікке қойылатын талаптарға жеткілікті екендігі белгілі. Осы орайда бірден профессорлық ғылыми атаққа құжаттар ұсынуға болады ма?
2) Болмаған жағдайда доценттикке кандидаттық қорғағаннан кейінгі, яғни докторлыққа жіберілген еңбектерімді негізге алып құжаттарымды ресімдейін бе? Әлде докторлық қорғағаннан кейін жариялаған еңбектерімді ресімдеп ұсынған дұрыс па?
Жауаптарыңыз үшін алдын-ала рахметімді жеткіземін!
Құрметпен, филология ғылымдарының докторы Ербол Әбдірәсілов

Жауап:

Ғылыми атақтар беру ережелерінің 4-тармағына сәйкес профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар ғылым докторларына беріледі. Сондай-ақ, доцент ғылыми атағын алу үшін ғылыми еңбектерінен басқа, ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, білім беру үрдісінде қолданылып жүрген оқу құралы болуы керек.
Доцент ғылыми атағын алу үшін құжаттар тапсырған жағдайда кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін жарияланған ғылыми еңбектеріңіз есептелінеді.
«Ғылыми атақтар беру ережелері» Комитет сайтында жарияланған.

 

Көбейсін Алдияров

13-02-09 11:14

Мен өзбекстаннан келген едім,білімім жоғары,информатика пәні оқытушысымын/9 жылдық пед.стажым бар/.мүнда келген соң /2005 жылы/ мен өз мамандығым бойынша жұмыс таба алмай қойдым.Жасым 35 те,3 бала тәрбиелеп отырмыз.Кейбір мектептер маған дипломыңызды қайта рәсімдеу қажет дейді,өкініштісі, оны тек Астанада ғана орындай алады дейді, сол распа?
Не болмаса әр облыста осы мәселені шешуші атқару органдары барма?

Жауап:

Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау рәсімі Астана қаласындағы Ұлттық аккредиттеу орталығында өткізіледі. Басқа облыстарда бұл рәсімді өткізетін ұйымдар жоқ.
Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы;
2) бiлiм туралы құжатқа келесі ақпараттармен: өтiлген оқу пәндері мен практикасының сағат көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмыстары, басқа да оқу процесiн құрайтын қосымша;
3) бiлiм туралы құжаттардың және оның қосымшасының нотариалдық куәландырылған мемлекеттiк және/немесе ресми тiлдегі аудармасы. Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органы жүзеге асырады. Жекелеген жағдайда (мысалы: прецедент бойынша тану болған кезде) аударманы құжат беруші аумақтың Қазақстандағы сол мемлекеттің дипломатиялық қызмет органы орындауы мүмкін;
4) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен;
5) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің немесе лицензияның көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасымен).
Жинақталған құжаттарыңызды Астана қаласындағы Ұлттық аккредитация орталығына жіберуіңіз керек. Сол жерде сіздің құжаттарыңызды сараптау комиссиясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігін қарастырады.
Ұлттық аккредитация орталығының мекен-жайы:
Астана қаласы, Иманов көшесі № 19 үй.
Тел.: 87172787163, 87172787162, 87172787161.

 
 
  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz