Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Сұрақ-жауап 
Сұрақ-жауап

CAPTCHA image for SPAM prevention 
Сұрақтар 11 to 15 out of 46
 

Қымбат Қожахметова

09-02-10 19:10

МАБ - ға байланысты бұйрықтарды қайдан алуға болады. Бізге берген ақпарат анық емес.Бізде орыс тілінде бұйрықтар баршылық, бірақ қазақ тілінде болғанды қалар едім. Облыстық және республикалық.

Жауап:

Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары екі тілде де облыстық білім басқармаларына жіберілді.

 

Батырхан Нурланов

08-02-10 19:01

Сәлеметсіздер ме! ҰБТ -ның шекті деңгейі 45-50 балдан жоғары көтеріледі деген сөз естідім.Орыс тілі пәнінің балы негізгі 4 пәннің балына қосылады ма?Сол распа.Жауап берсеңіз.Рахмет

Жауап:

2010 жылы ҰБТ былтырғы 2009 жылғы форматта, маусымның 1-10 аралығында өтеді. Бірақ өзгерістер бар, олар: ақылы жоғары білім алу үшін және білім беру гранттарына конкурсқа қатысу үшін төменгі шекті деңгей 50 балдан төмен болмау қажет. ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы «2» бағасына қатысты өзгерді, ол 0 мен 3 арасы.

 

Айгерим Тулеген

03-02-10 17:20

МАБта болатын тест тапсырмаларынын улгисин кайдан алуга болады? Жане МАБтын толык ережеси кандай, берилетин уакыты, т.б.

Жауап:

Мемлекеттік аралық бақылаудың тест үлгілері, Ережесі, нұсқаулығы Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің сайтына орналастырылған. Тест үлгілеріне қарап, тестте қамтылған тақырыптар бойынша дайындалуға болады.
МАБ-тың негізгі нұсқалары мен жауаптары Қазақстан Республикасы «Құпия туралы» Заңымен мемлекеттік құпия болып табылады. Сондықтан, негізгі нұсқа МАБ өтетін күні ғана мектепке жеткізіліп, сол жерде нұсқаулыққа сәйкес ашылады.
МАБ республикада 2010 жылдың 10 ақпаны мен 20 наурызы арасында кестеге сәйкес өткізіледі.

 

Назерке

03-02-10 16:19

Сәлеметсіздер ме! маған МАБ-қа дайындық сұрақтары керек еді. Оны қай сайттан табуға болады?Себебі МАБ-қа дайындық кітапшасының жауаптары дұрыс емес...

Жауап:

Мемлекеттік аралық бақылаудың тест үлгілері Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің сайтына орналастырылған. Тест үлгілеріне қарап, тестте қамтылған тақырыптар бойынша дайындалуға болады.
Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы МАБ-тың басқа дайындық кітапшасын шығармайды.

 

Қуандық Ермаханов

30-01-10 17:40

Саламатсыздар ма? Біріңғай ұлттық тестілеу кезінде орта балл қанша болады, және қазақ мектептері үшін орыс тілі пәнінің балы есептеледі ма? Рахмет!

Жауап:

2010 жылы ҰБТ былтырғы 2009 жылғы форматта, маусымның 1-10 аралығында өтеді. Бірақ өзгерістер бар, олар: ақылы жоғары білім алу үшін және білім беру гранттарына конкурсқа қатысу үшін төменгі шекті деңгей 50 балдан төмен болмау қажет. ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы «2» бағасына қатысты өзгерді, ол 0 мен 3 арасы.

 
 
  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz