Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Мемлекеттік аралық бақылау   / Тест нұсқаларының үлгісі. 4 сынып. 001 ңұсқа 
Тест нұсқаларының үлгісі. 4 сынып. 001 ңұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ




МЕМЛЕКЕТТІК АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ


4-СЫНЫП


КАЗАҚ ТІЛІ


001 - НҰСҚА










Тегі ______________________________________________________


Аты ______________________________________________________


Облыс ______________________________________________________


Аудан ______________________________________________________


Мектеп _______________________________________ Сынып ________


2009

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!


Берілген төрт жауап нұсқасының біреуі ғана дұрыс бола алады;


Дұрыс жауапты дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу керек;


Сынақ уақыты - 45 минут.


Ескерту: Жауаптардың дұрыс деп табылғаны ғана боялуға тиіс, екі немесе одан да көп белгіленген жауап қабылданбайды.

















1. «Көкқұтанмен» сөзіндегі жуан-жіңішке дауыстылар санын анықта.

A) 2 жуан, 1 жіңішке дауысты.

B) 1 жуан, 1 жіңішке дауысты.

C) 3 жуан, 2 жіңішке дауысты.

D) 2 жуан, 2 жіңішке дауысты.

2. Буынға қате бөлінген сөздерді көрсет.

A) Жау-ын, ау-ыл.

B) О-қу-шы-лар, мұ-ға-лім.

C) Бө-ре-не, сәу-лет-ті.

D) Көк-тем-де, қа-ла-лар.

3. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді анықта.

A) Жылқылар.

B) Піскенде.

C) Анасы.

D) Пәлеқор.

4. Үндестік заңының түрін анықта.

A) 2.

B) 4.

C) 1.

D) 3.

5. Біріккен сөзді тап.

A) Көк(кептер).

B) Көк(көйлек).

C) Көк(шөп).

D) Көк(жал).

6. Қысқарған сөзді белгіле.

A) Ешкім.

B) Алақан.

C) Ұжымшар.

D) Үйге.

7. “Қарындаш” сөзіне жалғанатын жалғаулар қатарын белгіле.

A) -лар, -лер.

B) -тар, -ты.

C) -ға, -дың.

D) -дар, -дер.

8. Туынды сөзді көрсет.

A) Татулық.

B) Дойбы.

C) Қызмет.

D) Торғайлар.


9. Түбірлес сөздер қатарын көрсет.

A) Жәрдемес, көмектес.

B) Кітап, дәптер.

C) Сушы, сулық.

D) Балалық, бақыт.

10. Зат есімнің көпше түріне қойылатын сұрақты анықта.

A) Кімге? неге?

B) Кім? не?

C) Кімнің? ненің?

D) Кімдер? нелер?

11. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді тап.

A) Мұғалімге.

B) Бауырың.

C) Мектептің.

D) Апалар.

12. Зат есімнің көпше түрін белгіле.

А) Дуадаққа.

В) Қарғаның.

С) Көбелектер.

D) Көбелегім.

13. Барыс септіктегі сөзді белгіле.

A) Әжесінен.

B) Әжесінің.

C) Әжесіне.

D) Әжесімен.

14. Заттың пішінін білдіретін сөзді тап.

A) Қою.

B) Сүйір.

C) Ала.

D) Дәмді.

15. Күрделі сан есімдерді белгіле.

A) 100.

B) 12.

C) 10-шы.

D) 1000.

16. Күрделі етістікті көрсет.

A) Келтірмек.

B) Кетті.

C) Жазып отыр.

D) Бастамақшы.

17. Сұраулы сөйлемді көрсет.

A) Мен сенен қарындаш алдым...

B) Алақай, әскерден ағам келді...

C) Сабағыңды оқыдың ба...

D) Дүкеннен нан сатып алдым...

18. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемнің аталуын белгіле.

A) Құрмалас сөйлем.

B) Жайылма сөйлем.

C) Жалаң сөйлем.

D) Жай сөйлем.

19. «Алматы - сәулетті, әсем қала»

Сөйлемдегі баяндауышты көрсет.

A) Сәулетті.

B) Қала.

C) Алматы.

D) Әсем.

20. Қаратпа сөзі бар сөйлемді белгіле.

А) Иә, балам, оқып жүрсің бе?

В) Айтпақшы, сен әлі оқып жүр екенсің ғой.

С) Сонау жылдардан бері оқып жүр екенсің ғой.

D) Мұғалімнің айтуынша сен әлі оқып жүр екенсің ғой.



ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ аяқталды



  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz