Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Мемлекеттік аралық бақылау   / Тест нұсқаларының үлгісі. 4 сынып. 002 ңұсқа 
Тест нұсқаларының үлгісі. 4 сынып. 002 ңұсқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ




МЕМЛЕКЕТТІК АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ


4-СЫНЫП


КАЗАҚ ТІЛІ


002 - НҰСҚА










Тегі ______________________________________________________


Аты ______________________________________________________


Облыс ______________________________________________________


Аудан ______________________________________________________


Мектеп _______________________________________ Сынып ________


2009

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!


Берілген төрт жауап нұсқасының біреуі ғана дұрыс бола алады;


Дұрыс жауапты дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу керек;


Сынақ уақыты - 45 минут.


Ескерту: Жауаптардың дұрыс деп табылғаны ғана боялуға тиіс, екі немесе одан да көп белгіленген жауап қабылданбайды.



















1. «У» дыбысы қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын анықта.

A) Қауын.

B) Аққу.

C) Сурет.

D) Қуыршақ.

2. Ұяңнан басталып, үндіге аяқталған сөзді белгіле.

A) Жібек, гүл.

B) Ғарышкер, бүгін.

C) Қызыл, көк.

D) Күн, жел.

3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгіле.

A) Ша-палақ-тап.

B) Ша-па-лақ-тап.

C) Ша-пал-ақ-тап.

D) Шапал-ақтап.

4. Дауыссыз дыбыстары бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылып тұрған сөздерді белгіле.

A) Цекте, сәнқой.

B) Өнерпаз, парктен.

C) Жұмысқа, арбакеш.

D) Қуыршаққа, мектепке.

5. «Қолшатыр» қандай сөз?

A) Түбір.

B) Қос сөз.

C) Біріккен сөз.

D) Туынды сөз.

6. Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөзді тап.

A) Тып-тыныш.

B) Тау-тас.

C) Кезек-кезек.

D) Салдыр-гүлдір.

7. Айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздерді белгіле.

A) Биік-аласа.

B) Ара, түс.

C) Сұлу, әдемі.

D) Жуан, жіңішке.

8. Түбірлес сөзді белгіле.

A) Күйді, күйші.

B) Бастың, басқа.

C) Суға, суат.

D) Бас, бастық, басшы.

9. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.

A) Етікпен.

B) Етікті.

C) Етікші.

D) Етікке.

10. Жіктелген сөзді көрсет.

A) Жұмысшылар.

B) Дәрігерсің.

C) Әйнек.

D) Комбайншы.

11. Тәуелдеулі зат есімдерді көрсет.

A) Дәріханаға, дәрігер.

B) Еденде, жүгеріден.

C) Өлкең, ата мекенің.

D) Көкпеңбек, жапырақпен.

12. Жалпы есімді тап.

A) Алатау.

B) Атырау.

C) Қала.

D) Айнұр.

13. Жатыс септігінің жалғауларын тап.

A) -мен,-бен,-пен.

B) -ны,-ні,-ты,-ті.

C) -ның,-нің,-дың,-тің.

D) -да,-де,-та,-те.

14. Негізгі сын есімді көрсет.

A) Қалың.

B) Ақылды.

C) Қауындай.

D) Құрлық.

15. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды белгіле.

A) -лар, -лер.

B) -еу,-ау.

C) -шы,-ші

D) -ыншы,-інші,-ншы,-нші.

16. Болымсыз етістіктерді көрсет.

A) Өкпелеме, жұтпа.

B) Терілді, айтылды.

C) Сызған, болған.

D) Қапта, биле.

17. Лепті сөйлемді белгіле.

A) Бүгін күн жылы ...

B) Бүгін күн неткен жылы ...

C) Бүгін күн жылы ма ...

D) Бүгін күн жылы бола ма ...

18. Құрмалас сөйлемді белгіле.

А) Төртінші сынып саяхатқа дайындалды.

В) Бекен жалт қарады келген Кемел екен.

С) Көп сөз-көмір де, аз сөз – алтын.

D) Жұрттан бұрын күн тұрады.

19. Күрделі мүшесі бар сөйлемді белгіле.

А) Көк ала бұлт сөгілді.

В) Шегірткелер шырылдады.

С) Оқушы партада отыр.

D) Екі әже пеш жанында отыр.

20. Қаратпа сөзді тап.

A) Сара, сен далаға шығасың ба?

B) Сара, Алма далаға шығады.

C) Сара далаға шықпайды.

D) Қап, Сара далаға шығып кетті.



ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ аяқталды



  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz