Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Мемлекеттік аралық бақылау   / 2011 ж.20 сәуірдегі N 156 ҚР БҒМ бұйрығы 
2011 ж.20 сәуірдегі N 156 ҚР БҒМ бұйрығы

156

20.04.2011


2011 жылы Қазақстан Республикасының

жоғары оқу орындарында мемлекеттік

аралық бақылауды өткізу үшін

базалық жоғары оқу орындарының

тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі – МАБ) өткізу ережесінің негізінде МАБ-ты ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) 1-қосымшаға сәйкес 2011 жылы 2 (3) курс студенттерін МАБ-тан өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарының тізімі;

2) 2-қосымшаға сәйкес 2011 жылғы 2 (3) курс студенттерінің деректер базасын қалыптастыру үшін базалық жоғары оқу орындарына бекітілген жоғары оқу орындарының тізімі;

3) 3-қосымшаға сәйкес 2011 жылы МАБ-ты өткізу үшін базалық жоғары оқу орындары бойынша бөлінген мамандықтар тобының тізімі бекітілсін.

2. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ.С. Әбдиев):

1) 2011 жылғы 27 сәуірге дейін 2011 жылы 2 (3) курс студенттерінің деректер базасы қалыптастырсын;

2) 1-қосымшаға сәйкес 2011 жылғы 27-30 мамыр аралығында жоғары оқу орындарының базасында 2 (3) курс студенттерін МАБ-тан өткізуді ұйымдастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.


Министр                                                            
Б. Жұмағұлов

 

2011 жылы МАБ өткізуге арналған базалық ЖОО тізімі

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)