Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Мемлекеттік аралық бақылау   / 2011 ж.18 қантрардағы N 22 Комитет бұйрығы  
2011 ж.18 қантрардағы N 22 Комитет бұйрығы

22

18.01.2011



Қазақстан Республикасы

 

Білім және ғылым министрлігі

Білім және ғылым саласындағы

бақылау комитеті төрағасының кейбір

бұйрықтарының күшін жою туралы


Білім беру саласындағы қолданыстағы заңнаманы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын:

1) «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясын бекіту туралы» 2008 жылғы 4 ақпандағы № 123 бұйрығы;

2) «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу жөніндегі ұйымдастыру-технологиялық нұсқаулығын бекіту туралы» 2008 жылғы 4 наурыздағы № 339 бұйрығы;

3) «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу жөніндегі ұйымдастыру-технологиялық нұсқаулықты бекіту туралы» Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2008 жылғы 4 наурыздағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 451 бұйрығы;

4) «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар қызметінің тәртібі туралы нұсқалықты бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 349 бұйрығы;

5) «2007 жылы мемлекеттік аралық бақылауды қайта өткізу туралы» 2007 жылғы 24 тамыздағы № 891 бұйрығы;

6) «2007 жылы мемлекеттік аралық бақылауды қайта өткізу туралы» 2007 жылғы 18 қазандағы № 1144 бұйрығы;

7) «2008 жылы 2 (3) курс студенттерін мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 445 бұйрығы;

8) «2009 жылы 2 (3) курс студенттерін мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 19 наурыздағы № 324 бұйрығы;

9) «2010 жылы 2 (3) курс студенттерін мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 25 наурыздағы № 474 бұйрығы;

10) «2006 жылы жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» 2006 жылғы 14 ақпандағы № 136 бұйрығы;

11) «2006 жылы 2 (3) курс студенттерін мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығы;

12) «2006 жылы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу жөніндегі ұйымдастыру-технологиялық нұсқаулықтарын бекіту туралы» 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 353 бұйрығы;

13) «2006 жылы қайта мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» 2006 жылғы 30 қазандағы № 791 бұйрығы;

14) «Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 27 ақпандағы № 131 бұйрығы;

15) «2007 жылы 2 (3) курс студенттерін мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 359 бұйрығы;

16)«2007 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу туралы» 2007 жылғы 18 мамырдағы № 470 бұйрығы;

17) «Ұлттық бірыңғай тестілеудің және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылаудың сертификатын бекіту туралы» 2007 жылғы 7 маусымдағы № 560 бқйрығы;

18) «Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2006 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығы.

2. Ұлттық тестілеу орталығы (Әбдиев Қ.С.) осы бұйрықты жоғары оқу орындары ректорларының және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары бастықтарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары М.Ә. Бектемесовке жүктелсін.


Төрағаның

міндетін атқарушы                                          М.Байжұманов

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)