2010-2011 оқу жылында мемлекеттік аралық бақылауды (МАБ) жалпы орта білім беру ұйымдарының
4 және 9 - сыныптарында ұйымдастыру мен өткізудің
ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
№
| Іс-шаралар | Өткізу мерзімі | Орындаушы | 1 | Сырттай бақылау рәсімдерін жетілдіру мақсатында Жұмыс тобының отырысын өткізу | Қазан 2010 ж. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ), Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) | 2 | 4 және 9 - сыныптардың МАБ пәндері бойынша тест спецификациясы мен техникалық тапсырмасын бекітуге ұсыну | Қазан 2010 ж. | Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО), Орта білім департаменті (бұдан әрі - ОБД)
| 3 | 4 және 9 - сыныптарға арналған МАБ тапсырмаларын сараптаудан өткізу | Қазан 2010 ж. | ҰТО | 4 | 4 және 9 - сыныптарға арналған МАБ тапсырмаларын сынақтан өткізу | Қараша 2010 ж. | ҰТО | 5 | Республика бойынша облыстардың және Астана, Алматы қалаларының бөлінісінде орта жалпы білім беретін мектептері жайында мәлімет беру | Қараша 2010 ж. | ОБД | 6 | Бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімді жұмыс жасауы мақсатында сараптауды ұйымдастыру мен өткізу | Қаңтар 2011 ж. | Комитет, ҰТО | 7 | МАБ-ты өткізу үшін ҚР БҒМ өкілдерінің базасын қалыптастыру | Қаңтар 2011 ж. | Комитет | 8 | 2010 жылғы МАБ-ты өткізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу | Қаңтар-ақпан 2011 ж. | Комитет, ҰТО, ОБД | 9 | Сайтта МАБ-тың тест тапсырмаларының үлгі нұсқаларын орналастыру | Қаңтар 2011 ж. | ҚР БҒМ, ҰТО | 10 | Жалпы орта білім беретін ұйымдарда МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу | Ақпан, наурыз 2011 ж. | Комитет, ҰТО, ОБД | 11 | МАБ-тың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді Комитет пен Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығына (бұдан әрі - БСБҰО) беру | Сәуір 2011 ж. | ҰТО | 12 | 2010-2011 оқу жылдарындағы МАБ-тың қорытындылары бойынша салыстырмалы талдауын ұсыну | Мамыр 2011 ж. | БСБҰО | 13 | 4, 9 - сыныптардағы МАБ-тың қорытындысы бойынша Министрдің атына қызметтік жазба дайындап ұсыну | Мамыр 2011 ж. | Комитет |
|