Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Мемлекеттік аралық бақылау   / 2010 ЖОО МАБ 
2010 ЖОО МАБ

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы 28-31 мамырда республикамыздың 60 жоғары оқу орнының базасында оқытудың іштей және сырттай нысандары үшін жоғары оқу орындарының барлық білім алушылары үшін 2 (3) курстан кейін мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) рәсімін өткізді.

МАБ-қа қатысуға өтініш білдірген 67 212 студенттің, 60 830-ы қатысты. Шекті деңгейден 1 096 студент өткен жоқ, бұл қатысушылардың жалпы санының 1,8 %-ын құрайды.

Республика бойынша МАБ-тың орташа балы 125 мүмкіндіктен 81,7 балды құрайды (қазақ бөлімі – 80, 09; орыс бөлімі – 84,45; ағылшын бөлімі – 73,56). Салыстыра қарағанда, 2009 жылы орташа балл 75,6; 2008 жылы -72,1; 2007 жылы – 72,8; 2006 жылы – 68,5 балды құрады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету бағыттарының студенттері өздерінің үздік білімдерін көрсетті, орташа балы 100,94 құрады; ал білім беру (тілдік емес)77,35 және техникалық ғылымдар мен технология77,67 бағыттарының студенттері төмен нәтиже көрсетті.

5 жоғары оқу орнының (Алматы үздіксіз білім беру университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Қазақстан Американдық еркін университеті) 7 % білім алушылары МАБ рәсімінің қорытындысы бойынша 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шекті деңгейден өткен жоқ, 2010-2011 оқу жылында кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.

МАБ нәтижелері білім беру ұйымдарын аттестаттаудан және аккредиттеуден өткізу кезінде, сондай-ақ өңірлік және мемлекеттік деңгейде білім беру ұйымдарының рейтингілерін белгілеу кезінде пайдаланылады.

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@educontrol.kz