Каз | Рус

Іздеу  
  

 
           
             ҚР Президентінің Жолдауы басым
           бағыттарының орындалуы туралы

 

 

 

Бастауыш   / Мемлекеттік аралық бақылау   / МАБ Ережесiне түсініктеме 
МАБ Ережесiне түсініктеме

Білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу ережесіне шолу   

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды (МАБ) өткізу ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 59-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген.   
Ереже білім беру ұйымдарында МАБ-тың рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізу, тестіленушілердің назарына тестілеудің нәтижелерін жеткізу, олардың шағымдану мүмкіндігін жүзеге асырудың тәртібін айқындайды. 

1.Жалпы ережелер

  Ереже меншік және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.  МАБ-ты: 1) орта білім беру ұйымдарында;   2) жоғары білім беру ұйымдарында өткізуді көздейді.     МАБ-ты өткізу мерзімін, сондай-ақ оқушылары МАБ рәсімінен өтетін мектептердің тізімін жыл сайын Министрлік белгілейтін болады. 

2.Жалпы орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу   

МАБ 4-ші және 9-шы сыныптарда оқушылары білім алып жатқан білім беру ұйымдарында өткізіледі.     
Ағымдағы жылы МАБ оқушылардың жалпы санының 80%-ын іріктеу арқылы өткізілетін болады.   
МАБ-ты дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру үшін әрбір білім беру ұйымдарында мемлекеттік комиссия құрылады.  Мемлекеттік комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалалары  білім департаменттерінің немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, ата-аналар жұртшылығының өкілдері мен мектептердегі педагогтар кіреді. Комиссияның құрамы облыстық, Астана және Алматы қалалары білім департаменттері директорларының бұйрығымен бекітіледі.   
9 (10) сыныптардағы МАБ рәсіміне үш пән кіреді, оның ішінде орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін – қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі оқушылар үшін – орыс тілі пәндері және шет тілдерінің біреуі міндетті болып табылады.    
МАБ өткізілетін басқа оқу пәндерінің тізбесін жыл сайын Министрлік бекітеді. 2009 жылы география пәні белгіленді.  4-сыныптарда МАБ рәсімі жыл сайын Министрлік бекітетін бір пән бойынша өткізіледі.  2009 жылы - қазақ тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі оқушылар үшін), орыс тілі (орыс тілінде оөытатын мектептердін оқушылар үшін) 
Осыған байланысты, МАБ рәсімдерінің нәтижелері бойынша 7 % білім алушылары шекті деңгейден өте алмаған орта білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.              

3.Жоғары білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу   

МАБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысаны бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі.     
2008 жылы МАБ-тан өтудің шекті деңгейі көтерілді.  Студенттің тестілеу нәтижесі егер ол медициналық мамандықтар бойынша жалпы тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары 60 %-ға, ал қалған барлық мамандықтар  бойынша 40 %-ға тең болса оң нәтиже болып есептеледі.   
Ережеде республиканың жоғары оқу орындары үшін құқықтық салдарлары да  жазылған. МАБ-тың негізгі рәсімдерінің нәтижелері бойынша 7 % білім алушылары 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.  
МАБ рәсімдерінің нәтижелері бойынша мемлекеттік комиссиялар жасаған есеп МАБ аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде Білім және ғылым министрлігіне (Комитетке) ұсынуы керек. 2008 жылдан бастап МАБ тек күндізгі бөлімнің студенттері үшін ғана емес, сырттай оқу бөлімінің барлық мамандықтарында білім алушы студенттер үшін бір уақытта өткізілетін болады.   

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)
Телефон: +7 7172 74-23-49 Факс: +7 7172 74-23-49, +7 7172 50-63-91,  E-mail: mailbox@www.educontrol.kz