Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Мемлекеттік аралық бақылау   / 2010 жылы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылаудың қорытындылары 
2010 жылы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылаудың қорытындылары

Мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу технологиясына», Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес өткізіледі.

МАБ-тың негізігі міндеті - білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тиімділігі мен оқушылардың білім алу деңгейлерін бағалау, оларға сапалы білім беру үшін салыстырмалы талдау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2010 жылғы 6 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес республика бойынша МАБ бастауыш сыныптар (4-сынып) және негізгі сыныптар (9-сынып) үшін үш кезең бойынша:

- Бірінші кезең 2010 жылдың 15 ақпанында - Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында;

- Екінші кезең 2010 жылдың 1 наурызында - Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласында;

- Үшінші кезең 2010 жылдың 15 наурызында – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында өткізіледі.

Ағымдағы жылғы МАБ 9-сыныптар үшін қазақ тілі (орыс сыныптарында), орыс тілі (қазақ сыныптарында), шет тілі (ағылшын, неміс, француз), дүниежүзі тарихы пәндері бойынша, ал 4-сыныптар үшін дүниетану пәнінен өткізілді.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – бастауыш білім беру сатысында – 20, ал негізгі білім беру сатысында – 30-ды құрайды.

Тестілеуге әрбір пән үшін 45 минут уақыттан бөлінді, яғни 4-сыныптар үшін 45 минут, 9-сыныптар үшін 2 сағат 15 минут болды.

МАБ-қа 430 291 оқушы қатысты, оның ішінде 191 955 оқушы оқытудың бастауыш сатысы бойынша (126 286-ы қазақ тілінде, 65 669-ы орыс тілінде) және 238 336 оқушы оқытудың негізгі сатысы бойынша (147 865-і қазақ тілінде, 90 471-і орыс тілінде).

Республика бойынша 4-сыныптар арасында МАБ қорытындысының орташа балы 16,94 балды құрады.

Республика бойынша 9 сыныптарда МАБ қорытындысының орташа балы 65,06 балды құрады.

Республика бойынша 4-9-сыныптар арасынан 802 оқушы (тестілеуге қатысушылардың жалпы санының 0,19%) шектік деңгейден өте алмады.

2010 жылғы МАБ қорытындысы бойынша «ҚР білім беру ұйымдарында МАБ ұйымдастыру мен өткізу туралы ережесінің» 17 – тармағына сәйкес 14 мектеп кезектен тыс мемлекеттік аттестациядан өткен мектептер қатарына жатады.

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)