Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Нормативтік құқықтық актілер   / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі N778 қаулысы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі N778 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 

2011 жылғы 7 шілдедегі № 778 қаулысы

Білім беру сапасын бақылаудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер) құрылсын.

2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекемелер туралы ережелердің бекітілуін және олардың әділет органдарында тіркелуін;

2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді орналастыру үшін ғимараттармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;

осы қаулыға 2-ші қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесімен толықтырылсын;

2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында;

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

реттік нөмірі 12-жолдың 3-бағанында:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда:

«2696,5» деген сандар «2876,5» деген сандармен ауыстырылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы « 7 » шілдедегі

778 қаулысына

1-қосымша



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі


1. Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

2. Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

3. Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

4. Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

5. Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

6. Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

7. Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

8. Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

9. Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

10. Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

11. Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

12. Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

13. Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

14. Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

15. Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті;

16. Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.

____________________________________


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2011 жылғы « 7 » шілдедегі

778 қаулысына

2- қосымша



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 28 қазандағы

1111 қаулысымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

 

1. Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

2. Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

3. Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

4. Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

5. Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

6. Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

7. Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

8. Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

9. Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

10. Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

11. Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

12. Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

13. Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

14. Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті;

15. Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті;

16. Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті.

____________________________________

 

 

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)