Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Лицензиядан кейінгі бақылау   / ҚР БҒМ (2011 жылғы 11 ақпандағы № 55) және ҚР ЭДСМ (2011 жылғы 16 ақпандағы № 37) бірлескен бұйрық 
ҚР БҒМ (2011 жылғы 11 ақпандағы № 55) және ҚР ЭДСМ (2011 жылғы 16 ақпандағы № 37) бірлескен бұйрық

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

2011 жылғы «11» 02

55

Астана қаласы

 

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрлігі

2011 жылғы «16» 02

37

Астана қаласы

 

 

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ


Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13, 15 – баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (1-қосымша);

2) білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны (2-қосымша) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.К. Орынханов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н.Сарыбековке жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

 

міндетін атқарушы

 

_______________С. Ырсалиев

 

2011 жылғы «___» __________

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Экономикалық даму және

 

сауда министрі

 

____________ Ж. Айтжанова

 

2011 жылғы «___» _________

 

 

Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

 

 

Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)