|
Ағымдағы жылы жалпы 57, оның ішінде кестеге сәйкес – 17 жоғары оқу орны мен 2 республикалық мектеп-интернат, жеке тұлғалардың арыздары бойынша – 7, оңтайландыру шеңберінде – 31 білім беру ұйымдары тексерумен қамтылды. Будан басқа, Жамбыл облысының прокуратурасы Тараз қаласындағы 4 жоғары оқу орнын тексерді.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 48 жоғары оқу орнына қатысты әкiмшiлiк iс қозғалды, 11 млн. 421 мың 850 теңге көлемінде айыппұл салынды, 20 жоғары оқу орнының және 9 жоғары оқу орнында 31 мамандықтар бойынша мемлекеттік лицензиялардың қолданыстары белгіленген мерзімге тоқтатылды, 1 жоғары оқу орнының және 6 жоғары оқу орнында 22 мамандықтар бойынша мемлекеттік лицензиялары кері қайтарылды, 1 жоғары оқу орнының құжаттары әкімшілік сотқа жіберілді.
2009 жылы 17 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында білім беру ұйымдарын тексеруді оңтайландыруға бағытталған Тәуекелді бағалау жүйелерінің (ТБЖ) жобасы әзірленді.
|