Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Талапкерлердің естеріне! 
Талапкерлердің естеріне!

Құрметті талапкерлер мен ата-аналары!

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына сәйкес филиалдар білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Сол себепті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2008/2009 оқу жылынан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарының жұмысы тоқтатылғандығы жайлы 2008 жылғы 4 мамырда № 595 бұйрығын шығарды.

Сіздер жоғары оқу орнын таңдағанда білім беру мекемесінде мемлекеттік лицензия болу қажеттігіне назар аударғандарыңыз қажет.

ҚР БҒМ және Комитеттің сайтында білім беру құқығына берілген лицензиясы бар жоғары оқу орындарының тізімі орналастырылған.

Қазақстан Республикасының аумағында Ресей Федерациясы оқу орындарының 3 филиалы ресми түрде қызмет атқаратындығы туралы қосымша хабарлаймыз:

1. М.В.Ломоносов атындағы ММУ филиалы, Астана қаласы;

2. Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы;

3. Санкт-Петербург кәсіподақ гуманитарлық университетінің Алматыы. филиал

Анықтамалар телефондары: 8-7172-74-23-66, 8-7172-74-23-99.

  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)