28 ақпан 2008 ж. N304
«Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы N418-3ж бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2008 жылғы 27 aқпандағы (N3 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы N418-3ж бұйрығының: 1) «09.00.00 – Философия», «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» бөлімдеріне: - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті толықтырылсын. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының бірінші орынбасары Қ.О. Айтбайға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|