28 ақпан 2008 ж. N303
«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2008 жылғы 27 aқпандағы (N3 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» саласы бойынша: - Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері» - «Актуальные вопросы формирования здорового образа жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья» Национального центра проблем формирования здорового образа жизни; 2) «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» саласы бойынша: - «Бастауыш мектеп және мәдениеті» сериясының «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы» - «Вестник Казахского национального педагогического университета им. Абая», серия «Начальная школа и физическая культура» журналдары. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының бірінші орынбасары Қ.О. Айтбайға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|