28 қантар 2008 ж. N 91
«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2008 жылғы 21 қантардағы (N 1 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» саласы бойынша: - «Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Хабаршысы» - «Вестник Семипалатинского государственного педагогического института; 2) «20.00.00 – Әскери ғылымдар» және «20.03.00 – Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бойынша: - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлаушы» журнал. 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының бірінші орынбасары Қ.О. Айтбайға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|