Диссертациялық кеңестердің іс жүргізуін
кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге
көшіруді іске асыру жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 108 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған диссертациялық кеңестердің іс жүргізуін кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіруді жүзеге асыру жоспары бекітілсін (қоса беріледі).
2. Жанында диссертациялық кеңестер қызмет ететін ұйымдардың басшылары және диссертациялық кеңестерінің төрағалары Жоспарда белгіленген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Комитет төрағасының орынбасары Н. Қалабаевқа жүктелсін.
Төрага Т. Балықбаев
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы
қадағалау және аттестаттау комитеті
төрағасының 2007 жылғы 27 сәуірдегі
N385 бұйрығымен бекітілген
Диссертациялық кеңестердің іс жүргізуін кезең-кезеңмен
мемлекеттік тілге көшіруді іске асыру
жоспары
N | Іс-шаралар | Мерзімі | Жауаптылар | 1. | Жоғары білікті ғылыми кадрларды мемлекеттік тілде аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу | үнемі | Комитет төрағасының орынбасары | 2. | Диссертациялық кеңестердің құрамын іріктеуде, басшыларын тағайындауда және жаңадан мүшелер енгізгенде олардың мемлекеттік тілді білуін ескеру | үнемі | Комитеттің салалық бөлімдері бастықтары, ұйым басшылары | 3. | Диссертациялық кеңестердің ғылыми хатшыларын мемлекеттік тілде іс-жүргізуге оқытуды ұйымдастыру | 01.09.2007 | Ұйым басшылары | 4. | Мамандықтар төлқұжаттарын мемлекеттік тілде дайындау | 01.09.2007 | ДК төрағалары | 5. | Диссертациялық кеңес web-сайтының мемлекеттік тілде қызмет етуін қамтамасыз ету | 01.10.2007 | Ұйым басшылары, ДК төрағалары | 6. | Диссертациялық кеңестердің қызметі туралы жоспарлар мен есептерді мемлекеттік тілде дайындау | 01.01.2008 | ДК төрағалары | 7. | Комитетке хаттарды (диссертациялық кеңес ашу туралы, кеңес құрамын өзгерту туралы, бір реттік қорғау өткізу туралы өтініштер, кандидаттық емтиханды қабылдау туралы, қорғау өтетіні туралы хабарламалар, Бюллетенде жариялауға арналған докторлық диссертацияның қорғалуы туралы хабарландыру және т.б.) мемлекеттік тілде ұсыну | 01.01.2008 | Ұйым басшылары, ДК төрағалары | 8. | Диссертациялық кеңестердің мәжілістерін мемлекеттік тілде жүргізу (мәжілістердің хаттамалары, келу парақтары) | 01.06.2008 | ДК төрағалары |
|