«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2008 жылғы 23 сәуірдегі (N6 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1.«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» саласы бойынша: – «Арнайы педагогика» сериясы бойынша «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы» журналы; 2) «08.00.00 – Экономикалық ғылымдар» саласы бойынша: – «Казахстан в глобальных процессах» журналы; 3) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» саласы бойынша: – «Қазақстан нейрохирургия және неврология журналы». 2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының бірінші орынбасары Қ.О. Айтбайға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|