2007 жылы 2(3) курс студенттерін мемлекеттік
аралық бақылаудан өткізу үшін базалық жоғары
оқу орындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесіне сәйкес кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі – МАБ) ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 1) 1-қосымшаға сәйкес 2007 жылы 2 (3) курс студенттерін МАБ-тан өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарының тізбесі;
2) 2-қосымшаға сәйкес 2007 жылғы 2 (3) курс студенттерінің мәліметтер базасын қалыптастыру үшін базалық жоғары оқу орындарына бекітілген жоғары оқу орындарының тізбесі;
3) 3-қосымшаға сәйкес 2007 жылы МАБ-ты өткізу үшін базалық жоғары оқу орындарына бөлінген мамандықтар тобының тізбесі бекітілсін.
2. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (И.Сағындықов ):
1) 2007 жылғы 15 сәуірге дейін 2007 жылғы 2(3) курс студенттерінің базасын қалыптастырсын;
2) 1-қосымшаға сәйкес 2007 жылғы 23-26 маусымда 2(3) курс студенттерін МАБ-тан өткізуді базалық жоғары оқу орындарының базасында ұйымдастырсын.
3) 2007 жылғы 24 маусымда оқыту орындарында базалық жоғары оқу орындарының базасында педагогикалық, заң және экономикалық мамандықтар бойынша сырттай оқыту нысанындағы 2 (3) курс студенттерін МАБ-тан өткізуді ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестатау комитеті төрағасының орынбасары Ш. Андабековке жүктелсін.
Төраға Т. Балықбаев
|