«Қазақстан Республикасы жетекші
ұйымдарының тізбесін бекіту туралы»
2003 жылғы 20 маусымдағы N 418-3ж
бұйрығына толықтырулар ендіру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 30 мамырдағы (N 5 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы жетекші ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 20 маусымдағы N 418-3ж бұйрығының:
1) «14.00.00 – Медицина ғылымдары» бөліміне:
- Денсаулық сақтауды дамыту институты;
- Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты 14.00.22 – Травматология және ортопедия мамандығы бойынша;
2) «01.04.00 – Физика» мамандықтар тобы бойынша (физика-математика ғылымдары), «10.02.00 – Тіл білімі» мамандықтар тобы бойынша (филология ғылымдары), «07.00.00 – Тарих ғылымдары», «13.00.00 – Педагогика ғылымдары» бөлімдеріне:
- Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты ендірілсін.
2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.
Төраға Т. Балықбаев
|