«Диссертациялардың негізгі ғылыми
нәтижелерін жариялайтын басылымдар
Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы
26 маусымдағы N 433-3ж бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті Алқасының 2007 жылғы 30 мамырдағы (№ 5 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы
N 433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
1) «05.00.00 – Техника ғылымдары» тараулары бойынша:
- «Қазақстанның су шаруашылығы» журналы;
- 05.14.00 – Энергетика, 05.16.00 – Металлургия, 05.18.00 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтар тобы бойынша
«Павлодар университетінің хабаршысы» журналы;
1) «02.00.00 – Химия ғылымдары» тарауы бойынша:
- «ПМУ хабаршысы» журналы.
2. Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Комитет төрағасының орынбасары Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.
Төраға Т. Балықбаев
|