«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2008 жылғы 28 мамырдағы (N 7 хаттама) шешімі негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1.«Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялайтын басылымдар Тізбесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 маусымдағы N433-3ж бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізілсін: 1) «23.00.00 – Саяси ғылымдар» саласы бойынша: – «Казахстан в глобальных процессах» журналы; 2) «01.00.00 – Физика-математика ғылымдары» саласы бойынша: – «Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналы. 2.Осы бұйрық Комитеттің Бюллетенінде жариялансын. 3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының бірінші орынбасары Қ.О. Айтбайға жүктелсін.
Төраға Н. Қалабаев
|