Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
2001 жылғы МАБ-тың қорытындысы туралы ақпарат
06.06.2011 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2011 жылғы 28-31 мамырда республикамыздың 60 жоғары оқу орнының базасында күндізгі және сырттай оқыту нысандары бойынша оқытудың 2 (3 ) курсынан кейін жоғары оқу орындарының барлық білім алушылары үшін мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) рәсімі өткізілді.

МАБ-қа қатысуға өтініш білдірген 67 855 студенттің 61 510-ы қатысты, оның ішінде 360 146-сы – қазақ тілінде, 23 976-сы – орыс тілінде және 1 388-і – ағылшын тілінде.

Шекті деңгейден қатысушылардың жалпы санынан 1 259 студент (2, 05 %) өте алмады (2010 жылы – 1 096 студент немес 1,8 %).

МАБ-тың орташа балы республика бойынша 125 мүмкіндіктен 82,3 балды құрады: қазақ бөлімі – 80,3; орыс бөлімі – 85,2; ағылшын бөлімі – 83,5; (2010 жылы – 81,7, қазақ бөлімі – 80,09; орыс бөлімі – 84,45; ағылшын бөлімі – 73,56); 2009 жылы – 75,6; 2008 жылы – 72,1). Осы ретте, соңғы жылдардағы динамика бойынша орташа балдың өсуін көруге болады.

Ең үздік нәтижені денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз ету бағыттарының студенттері көрсетті, орташа балл – 102,9, ал ең төменгі нәтижелерді әлеуметтік ғылымдар – (78) және техникалық ғылымдар мен технология – (76,6) бағыттарының студенттері көрсетті.

14 жоғары оқу орны шекті деңгейден өте алмады.

5 жоғары оқу орны ең төменгі көрсеткіштерді көрсетті: Алматы үздіксіз білім беру университеті, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Тараз техникалық университеті, «Алатау» университеті, Д.Қонаев атындағы университет.

МАБ-ты өткізу ережесіне сәйкес МАБ-тың рәсімдерінің нәтижелері бойынша 7 % білім алушылары 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жатады.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)