30.04.2011 28-29 сәуірінде Астана қаласында Қазақ гуманитарлық-заң университетінде ЕурАзЭҚ ҚК жанындағы білім бойынша Кеңестің Жұмыс тобының мәжілісі өтті.
Мәжіліс жұмысына Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрліктері, Тәжікстан Республикасының Білім министрлігі, Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігінің бірінші хатшысы, ЕурАзЭҚ ҚК білім бойынша Кеңестің жауапты хатшысы қатысты. Мәжілісте мынадай мәселелер қарастырылды:
- Қазақстан Республикасындағы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлардың аттестаттау жүйесіндегі өзгерістер туралы;
- Еуразия экономикалық қауымдастығына мүше-мемлекеттердің жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау саласындағы ынтымақтастық Келісімінің жобалары туралы;
- ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің ынтымақтастығында білім саласының Басым бағыттарын жүзеге асыратын 2011-2013 жылдардағы біріккен шаралар Жоспарының жобасы туралы.
|