Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
2011 жылы Республика аумағында ҰБТ-ты өткізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізу туралы баспасөз хабарламасы
08.04.2011 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 3 наурыздағы №78 бұйрығын орындау барысында осы жылғы 9 наурыз бен 5 сәуірде Астана, Алматы қалаларында, барлық облыс орталықтарында, сонымен қатар Семей қаласында 2011 жылы ҰБТ өткізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Семинар жұмыстарына жергілікті атқару билігінің, базалық оқу орындарының, жергілікті білім беру басқармаларының өкілдері, мектеп мұғалімдері, ата-аналар қоғамының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Балалар құқығын қорғау комитеті өкілдері, ҰБТ өткізу пункттерінің директорлары, мектеп директорлары мен мектеп бітірушілердің сынып жетекшілері қатысты. Әр облыс орталығында семинарға 200-ден 650-ге дейін адам қатысты.

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мен Ұлттық тест орталығының өкілдері барлық кездесулерде «Ұлттық бірыңғай тестілеудің 2011 жылы ұйымдастырылуы мен өткізілуінің ерекшеліктері» атты тақырыпта баяндама жасады.

Талқыланған сұрақтар негізінен ҰБТ-тың ұйымдастырылу және өткізілу тәртібі, Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, ҰБТ қорытындыларында техникалық өңдеу жүргізу, ҰБТ-ы пәндері бойынша тест тапсырмаларының мазмұны туралы болды.

Семинардың жүргізілуі мынадай бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді: «Астана ақшамы», «Алматы ақшамы», «Білім шапағаты», «Маңғыстау», «Тумба», «Білім шуағы», «Ақ жол», «Алтын ұя», «Ұстаз жаршысы», «Актюбинский вестник», «Ақтөбе», «Орал өңірі», «Приуралье». Семинар өткізілген күні жергілікті теледидарларда «Жаңалықтар» айдарында қысқаша сюжеттер берілді, «Қазақстан-Павлодар», «Қазақстан-Атырау», «Қазақстан-Тараз», «Қазақстан-Қостанай», «Қазақстан-Петропавл», «Қазақстан-Ақтөбе», «РИКА-ТВ», «Қазақстан-Орал», «Қазақстан-Семей» телеканалдарында сұхбаттар берілді. Көкшетау қаласында он-лайн түрінде жүргізілген семинарға 2130 адам қатысты.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)