Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
Білім және ғылым министрлігінің өкілдерін дайындау жөніндегі оқыту семинарларының өту барысы туралы ақпарат
28.03.2011 

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, 25-26 наурызда Қарағанды қаласында Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің базасында және 26-27 наурызда Семей қаласында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің базасында Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссиялардың төрағалары үшін оқыту семинарлары өткізілді.

2011 жылы білім беру ұйымдарында ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік аралық бақылауды сапалы өткізуді қамтамасыз ету мақсатында «2011 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік аралық бақылауды өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдерін дайындау жөніндегі оқыту семинарларын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 86 бұйрығына сәйкес оқыту семинарлары кестеге сәйкес басқа да өңірлерде өткізілетін болады.

Семинар барысында ҰБТ мен жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесі, нұсқаулығы жәнге технологиясы талқыланып түсіндірілуде.

Семинардың соңыңда қатысушылар арнайы тестілеуден өткізіледі. Тестілеудің нәтижесі «Министрлік өкілі» деректер базасына енгізіледі.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)