Каз | Рус

Іздеу  
  

 

 

Бастауыш   / Жаңалықтар  
2011 жылы ҰБТ-ны өткізу туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы туралы ақпарат
17.03.2011 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы қатысуымен үстіміздегі жылдың 15 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру басқармасының базасында 2011 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілуі туралы семинар-кеңес болып өтті.

Семинарға ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу өтетін жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, құқық қорғау орғандарының қызметкерлері, аудандық, қалалық білім бөлімінің бастықтары, ұлттық тестілеу орталығының облыс бойынша филиалдарының жетекшілері, ата-аналар комитетінің төрағалары, мектеп директорлары мен орынбасарлары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қамтыған барлығы 317 адам қатысты.

Семинар барысында ҰБТ-ға қатысты оның форматы, тест тапсырмаларының сапасы және рәсімнің өткізілуі сияқты өзекті мәселелер талқыланды.






  

Байланыс ақпараты:
010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің  сол жағалауы, N35 көше, N8  үй (Министрліктер үйі)