15.03.2011 Білім және ғылым Министрінің бекіткен 2011 жылғы 10 қаңтардағы №5 бұйрыққа сәйкес республика бойынша МАБ бастауыш сыныптар (4-сынып) және негізгі сыныптар (9-сынып) үшін екі кезеңде өткізілді:
- Бірінші кезең 2011 жылдың 28 ақпанында - Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола облыстары мен Астана қаласында;
- Екінші кезең 2011 жылдың 11 наурызында - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында.
Ағымдағы жылғы 9 сыныптар үшін МАБ қазақ тілі (орыс сыныптарында), орыс тілі (қазақ сыныптарында), шетел тілі (ағылшын, неміс, француз), математика пәндері бойынша, 4 сыныптар үшін математика пәнінен өткізілді.
Министрлік өкілдері және педагогикалық жұртшылық арасында биылғы жылғы МАБ-ты өткізу тәртібі бойынша семинар-кеңестер өткізілді.
МАБ-тың үшінші кезеңі 2011 жылдың 18 наурызында – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында өткізіледі.
|