15.03.2011 «2011 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дайындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 78 бұйрығына сәйкес Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті мен Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы мен жауапты қызметкерлері республиканың өңірлері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады.
2011 жылғы 9 наурызда Астана қаласында, Алматы қаласында, 10 наурызда Талдықорған, Павлодар қалаларында, 12 наурызда Ақтау қалаларында, 14 наурызда Атырау және Тараз қалаларында биылғы жылғы мектеп бітірушілер, олардың ата-аналары және педагогикалық жұртшылық арасында биылғы жылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі семинар-кеңестер өткізілді.
Сонымен қатар, аталған семинар-кеңеске мемлекеттік комиссияның төрағалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері мен жауапты мамандары, мектеп директорлары мен бітіруші сыныптардың сынып жеткшілері, ата-аналар комитетінің төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға толық жауаптар қайтарылды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ұйымдастырған сұхбаттарға қатысты.
Мұндай семинар-кеңестер кесте бойынша республикамыздың басқа да облыстарында өткізіледі.
|